Саясат

Обама Трюдоға дауыс беруге шақырды

Обаманың Канадада несі бар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама канадалықтарды федералды сайлауда қазіргі премьер-министр Джастин Трюдоға дауыс беруге шақырды.

- Мен президент кезімде Джастин Трюумен бірге жұмыс істегенімді мақтан тұтам. Ол климаттың өзгеруі сияқты үлкен мәселелерді шешуге тырысатын және өте тиімді көшбасшы. Әлемге қазір прогрессивті көшбасшылар қажет, сондықтан біздің солтүстік көршілеріміз оны тағы бір мерзімге қолдайды деп сенемін, - деп жазды Обама Twitter-де.

Обама 2017 жылдың қаңтарында президенттіктен кеткен соң, негізінен саяси мәлімдемелер жасаудан бас тартты. 

Канадада 21 қазанда федералды сайлау өтеді. Сауалнамаларға сәйкес, басқарушы Трюдо либералды партиясы Эндрю Шер басқарған оппозициялық Канада консервативті партиясымен қатты айқасуда.