Саясат
Қару-жарақтарды жою үшін
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comАмерика коалициясы Сириядан шегінді. Әрі шегіну кезінде қалып бара жатқан оқ-қару қоймаларын жою үшін бомба лақтырды, деп жазды коалиция өкілі полковник Майлз Куггинс.
- 16 қазанда жеке құрам мен тактикалық жабдықтар кеткеннен кейін коалициялық F-15 ұшағы Лафарж цемент зауытындағы оқ-қару қоймасын жою үшін сынақ өткізді, - деді ол.
9 қазанда Түркия президенті Тайып Ердоған Сирияның солтүстігінде Күрдістан жұмысшылар партиясы мен Ислам мемлекеті (Қазақстанда тыйым салынған) қарсы «Бейбітшілік көзі» операциясының басталғанын жариялаған болатын.
Сол күні түрік авиациясы екі елдің шекарасындағы Рас-аль-Айн қаласына және Сирияның басқа да бірнеше қалаларына шабуыл жасады. Кейін операцияның жер үсті бөлігі басталғаны туралы жарияланды.
Сенбі күні Түркияның Қорғаныс министрлігі түрік әскери күштері мен сириялық қарулы оппозиция Рас әл-Айнды бақылауға алғанын хабарлады.
Сейсенбіде АҚШ президенті Дональд Трамп АҚШ әскери күштері операция аймақтарынан шыққанын растады.
Мемлекеттік сатып алу бойынша
8 705 324 11 61