Weekend
Жылауық күз
Сен жыласаң ...
Қолшатырым қолымда жүріп келем
Жылауық күз зарыңды біліп келем.
Сен жылаған күндері көп ақынның
Жүрегінен селдетіп шығады өлең.
Жүріп келем, алайда көңіл жауын
Сен де сездің менде де бір мұң барын.
Бірақ сендей ағылып жылай алсам,
Кеудемдегі шығар ет не бір сарын.
Қолшатырым қолымда келем әлі
Естілгендей болады аспан зары.
Арасында үп етіп жел соғады,
Болар мүмкін жылауықты уатқаны.
Қолшатырдың астында жүріп келем,
Толқып жатыр көңілім біліп келем.
Мұңды болып келсе де бір өлеңді
Жаңбырлы күн мен дүниеге ертіп келем.