Weekend

«Алтын домбыраны» алған алғашқы айтыскер қыз

Жансая Мусина

 

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Астана қаласының 20 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған VII «Алтын домбыра» ақындар айтысы мәресіне жетті. Бұл туралы Bugin.kz тәуелсіз авторлар платформасы хабарлайды.

«Астанам, сенсің айбарым» атты республикалық айтыстың ерекшелігі сынға түсетін жиырма ақын үшін үлкен бәйге тігіліп отыр. «Алтын домбыра» осымен жетінші рет ұйымдастырылып, Жандарбек Бұлғақов екі рет, Мұхтар Ниязов екі рет, Аспанбек Шұғатаев бір рет, Балғынбек Имашев бір рет алған болатын.

Жиырма ақын ішінде үшінші рет «Алтын домбыраны» алып, жеңісті тоқтататын үміткер Мұхтар Ниязов еді. Алайда, бұл бәйге, бұл аламан бәйге. Кімнің аты жүйрік келсе сол жеңімпаз.

Сонымен, жетінші рет ұйымдастырылып отырған "Алтын домбыраны" айтыскер ақын, батыстың тумасы Жансая Мусина алды. Жүлде құтты болсын! Айта кету керек, Жансая Мусина "Алтын домбыраны" алған алғашқы айтыскер қыз. 

Екі күнге созылған айтыстың тартысты өткеніне күмән жоқ. Алыстан арнайы айтыс үшін ат терлетіп барған жырсүйер қауымның қарасы мол.