Саясат

Түркия президенті Мәскеуге сапарды жоспарлауда

Ердоған АҚШ-тың Сирияға шабуылды тоқтату туралы талабын қабылдамады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия басшысы Мәскеуге сапарлап қайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды "The Telegraph" ақпараттық сайты.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ-тың Сирияның солтүстігінде болып жатқан түрік шабуылын тоқтату туралы талабын қабылдамады. Енді Владимир Путинмен Сириядағы дағдарысты талқылау үшін Мәскеуге келмек. 

Дональд Трамп АҚШ пен НАТО одақтастары арасындағы ең үлкен дағдарысты тоқтату үшін Анкараға АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Пенс пен Майк Помпеоны жіберген еді.

Пенс мырза Ердоғанмен бейсенбіде кездесетінін айтты. Ол: «Бұл Америка Құрама Штаттарының тез арада атысты тоқтатып, келіссөздер жолымен шешуге дайын екенін көрсетеді», - деді.

Алайда ол Трамп мырза екі тарап бір шешімге келгенге дейін «жазалау сипатындағы экономикалық санкцияларға» жүгінетінін де баса айтты.