Саясат
Байден: Трамптың қайта сайлануы НАТО-ға қауіп төндіруі мүмкін
АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трампты «сыртқы саясат туралы ештеңе білмейтін және өзінің қайта сайланбай қалуынан қорқып әрекет ететін біртүрлі, ақылсыз президент» деп атады.
Егер Дональд Трамп 2020 жылы қайтадан президент болып сайланатын болса, онда Солтүстік Атлантикалық альянстың құрылуы екіталай. Бұл туралы 15 қазанда Демократиялық партиядан президенттікке кандидаттар арасында өткен жарыс барысында АҚШ-тың бұрынғы вице-президенті Джо Байден мәлім етті, деп хабарлайды The Week басылымы.
Байден егер Трамп қайта сайланса, елдің қауіпсіздігіне қауіп төнеді, «бізде проблемалар көбейеді» деген пікір білдірді.
АҚШ-та президенттік сайлау 2020 жылдың 3 қарашасына жоспарланған. Жеңіске басты үміткерлер ретінде, социологтар Республикалық партияның өкілі - қазіргі президент Трамп пен демократ Байденді атайды.