Weekend

Алтыннан жасалған дәретхананы ұрлағандар ұсталды

Ұлыбританияда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ұлыбританияның құқық қорғау органдары таза 18 караттық алтыннан жасалған дәретхананы ұрлады деген күдікпен үш адамды ұстады.

Олар Уинстон Черчилльдің туған жері Бленхайм сарайында тұрған алтын дәретхананы ұрлап кеткен. Бұл туралы 16 қазан күні The Guardian хабарлайды.

«35 және 34 жастағы екі ер адам мен 36 жастағы әйел адам ұсталды. Қазір қамауда, - деді Темза алқабының полиция өкілі.

Бленхайм сарайында «Америка» деп аталатын таза 18 караттық алтыннан жасалған дәретхана көркем экспозицияда инсталляция ретінде тұрған. Дәретхананы пайдалануға да болады, ал мұражай күзетшісінің орны дәретхана есігінің жанында тұратын. 

Ұрылар сарайы түнде кіріп, құбырды бұзып, дәретхананы көтеріп кеткен. Құбырдан су кетіп, әжетхананың ұрланғаны сол кезде ғана белгілі болған.