Экономика
Кедейі жоқ мемлекет жоқ
Еуропа Статистикалық комитетінің деректеріне сүйенсек, ЕуроОдақ елдерінің ішіндегі кедей мемлекеттер - Болгория, Румыния мен Греция елдері.
Бұл елдердің азаматтарының табысы төмен және жұмыспен аз қамтылған. Болгариядан кейін Румыния (32,5%) және Греция (31,8%), Латвия (28,4%), Литва (28,3%), Италия (27,3%) және Испания (26,1%) тұр.
Ал кедейліктің ең төменгі деңгейін – Чехия (12,2%), Словения (16,2%), Словакия (16,3%), Финляндия (16,5%), Нидерланды (16,7%), Дания және Франция (17,4%) және Австрия (17,5%) алады.
Жалпы алғанда, 2018 жылы 109,2 млн адам немесе ЕО тұрғындарының 21,7% кедейшілікте немесе әлеуметтік оқшаулану шегінен тыс өмір сүрген. Кедейшіліктің саны 2017 жылмен салыстырғанда 3,7% азайған.
БҰҰ сонымен қатар әлемде шамамен 1,3 миллиард адам кедейлік шегінен төмен өмір сүретінін хабарлады. Әлемдегі кедейлердің жартысынан көбі – кәмелеттік жасқа толмағандар. Африканың орталығы және оңтүстігі, сондай-ақ Азияның оңтүстігі жағдайы бойынша ең нашар күйде.