Саясат

Трамп әйел адамды кемсітті

Трамп: Нэнси Пелоси - қатты науқас адам!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосиді кемсітіп, оны «науқас адам» деп атады. Бұл туралы OBOZREVATEL хабарлайды.

Осындай мәлімдемені Трамп Твиттерде жариялады. Бұл жазба Сирия бойынша заң шығарушыларымен Ақ үйде болған кездесуден кейін салынған.

- Нэнси Пелосиге шұғыл түрде көмек қажет. Оның жоғары жағында бірдеңесі дұрыс емес (басы істемейді - ред.) немесе ол біздің кереметтей елімізді жақтырмайды. Бүгін Ақ үйде Нэнси Пелосиде абсолютті истерика болды. Мұны көру – өте өкінішті. Ол үшін дұға етіңіздер, ол өте науқас адам! - деп жазды Трамп.

Сондай-ақ ол іс-шарадан фотолар жариялап, солардың біріне АҚШ басшысы: «Жүйкесі тозған Нэнсидің истерикасы!» деген пікір қалдырған.