Саясат

Ердоған Трамптың хатын лақтырып жіберді

Одақтастар арасына сызат түсті ме?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамптың хатын қоқысқа лақтырып жіберді. Бұл туралы BBC News түрік көшбасшысының әкімшілігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның сұхбаттастары айтқандай, Түрік мемлекетінің басшысы "хатты алып, оны үзілді-кесілді қабылдамай, себетке лақтырып жіберген".

Бұған дейін Трамп Сирияда түрік операциясы басталған күні хат жібергені белгілі болды. Онда ол Ердоғанды "ақымақтық танытпауға" және "бүкіл әлемді жерге қаратпауға" шақырған.