Саясат
Түркия операциясының қандай нәтижемен аяқталатынын, күткен дұрыс болар
Сегіз жылға дейін жалғасқан азаматтық соғыстан кейін америка әскерінің Сирияны тастап шығуы Башар Асад режімінің билікке келуіне оң жағдай жасамақ. Бұл туралы The Daily Beast басылымы жазады.
Басылымның пікірінше, АҚШ кері шегінгендіктен, енді Сириядағы басым күш Ресейдің қолына шоғырланбақ.
Мұндай өзгерістер туралы әскери тілші Олег Блохиннің онлайн-трансляциясынан кейін белгілі болды. Онда ол Манбидж қаласындағы америкалықтардың әскери базасының қаңырап бос қалғанын түсіріп, көрсеткен болатын.