Саясат

Белоруссия НАТО-мен келісім жасауға дайын

Ресейдің одақтасы "отпен" ойнауда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Минск НАТО-мен іс-қимыл жасап, сындарлы сұхбат жасауға дайын, тек тең құқықты болса болғаны. Мұндай мәлімдемені Белоруссия сыртқы істер министрлігі басшысының орынбасары Андрей Дапкюнас жасады.

Дапкюнас Минскіде НАТО-ның "Бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы ғылым" бағдарламасының ашылуы аясында НАТО Бас хатшысының жаңа қауіпсіздік сын-қатерлері жөніндегі орынбасары Антонио Миссиролимен кездесу кезінде диалогқа дайын екенін хабарлады. Беларусь сыртқы саяси ведомствосының хабарламасында Миссиролидің соңғы 27 жылда Белоруссияға барған Әскери альянстың ең жоғары өкілі болып табылатыны айтылған.

- Бейбітшілік пен қауіпсіздік жолындағы ғылым бағдарламасы Минскіде ұйымдастырылған. Оған Беларусь Сыртқы істер министрлігі атсалысқан болатын. Ол ғылыми зерттеулерді қолдауға және тәжірибе алмасуға бағытталған НАТО құралы болып табылады. Белоруссия 1992 жылдан бастап осы бағдарламаның бір бөлігі болып табылады, - деді Андрей Дапкюнас.

Бұған дейін Беларусь Президенті Александр Лукашенко егер халқы отанын қорғаудан бас тартса, мемлекет НАТО-дан немесе Ресейден көмек сұрауға мәжбүр болады деп мәлімдеген еді. 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61