Саясат

Қытай: Түркия Сириядағы әскери операцияны тоқтатуы тиіс

Енді Қытай араласты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай Түркияны Сириядағы әскери іс-қимылдарды тоқтатуға және саяси реттеу жасауға шақырды, деп мәлімдеді ҚХР СІМ өкілі Гэн Шуан.

- Қытай халықаралық қатынастарда күш қолдануға қарсы. Біз әлем елдерінің БҰҰ жарғысының қағидаттары мен мақсаттарын, сондай-ақ халықаралық қатынастар нормаларын ұстануы тиіс деп есептейміз, - деді дипломатиялық өкіл.

Ол "Сирияның егемендігін, аумақтық тұтастығын, тәуелсіздігі мен бірлігін құрметтеп, қорғау керек" деп атап өтті.