Саясат
Путин өзі бақылапты
"Найзағай-2019" стратегиялық оқу-жаттығулары аясында баллистикалық және қанатты зымырандары атылды. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігі хабарлайды.
Оқу-жаттығу Ресей президенті Владимир Путиннің басшылығымен өтті.
- Стратегиялық тежеу күштерінің жерүсті, теңіз және авиациялық құрамдастарының күштері мен құралдарымен жаттығу жүргізілді. Тежеудің стратегиялық күштерінің жаттығулары барысында қарастырылған міндеттер толық көлемде орындалды, - деп хабарлады Ресейдің қорғаныс министрлігі.
Сонымен, оқу-жаттығу барысында Баренцев және Охот теңіздерінің акваториясынан, Солтүстік және Тынық мұхиты флотының стратегиялық су асты қайықтарынан баллистикалық ракеталар атылған. Олар Камчаткадағы "Кура" және Архангельск облысындағы "Чижа" полигонындағы нысандарға келіп дөп тиді.