Weekend
Тұрғындардың жайы не болады?
Алматыда 1921-1962 жылдары салынған 948 үй бұзылып, орнына жаңа ғимараттар салынады. Үйлердің барлығы 2030 жылға дейін күреліп бітеді.
Көбінесе, Түркісіб, Бостандық және Алмалы аудандарындағы үйлер бұзылады. Ал осы жобамен айналысатын "Капитал құрылыс кәсіпорны" компаниясы ескірген үйдегі тұрғындар олардың келісімімен ғана көшірілетінін айтады. Оларға уақытша пәтерлер беріледі. Онда тұруға келген азаматтар жаңа үйдің құрылысы біткенше, тек коммуналды қызметтерін ғана төлейді.
Ал жалға алып отырғандарға басқа ғимараттар беріледі.