Саясат
Германия да араласты
Германия премьер-министрі Ангела Меркель Түркияның «Пынар» операциясын тоқтатуын талап етті. Олай болмаса, Түркияға қару-жарақ беруден бас тартпақ.
Парламентте сөз алған Меркель Түркияға "Сириядағы операциясын тоқтатсын" деп бірнеше рет өтініш айтқанын тілге тиек етті. Егер Түркия операцияны тоқтатпаса, Германия түрік әскеріне қару-жарақ бермейтінін мәлімдеді.