Саясат

Түркия мен АҚШ келісімге келді

Миллиондаған адамның өмірін құтқарады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ вице-президенті Майк Пенс пен Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Сириядағы "Бейбітшілік көзі" әскери операциясын бес күнге тоқтатуға келісті. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Түрік әскерлерінің қазір қауіпсіздік аймағы маңындағы күрдтермен соғысып жатқаны белгілі. Енді әскери қимылдарды уақытша тоқтата тұратын болады. 

Сондай-ақ, екі тарап та, "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда тыйым салынған) деген ортақ жаумен күрес туралы келісімге келгенін хабарлады.

АҚШ президенті Дональд Трамп Twitter-дегі парақшасында түрік әріптесіне алғысын білдіріп: "Миллиондаған өмір құтқарылады!", - деп жазды.

Бұдан бір күн бұрын, Ердоған Пенспен кездесуден бас тартып, Трамптың жеке өзінің келуін талап еткен болатын.