Weekend

Нью-Йорк билігі әлемдегі ең үлкен түрмені жауып тастамақ

Төрт жаңа түрме салынбақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Нью-Йорк қалалық кеңесі әлемдегі ең ірі түзету мекемесі болып саналатын Райкерс түрмесін жабу жоспарын мақұлдады, деп хабарлайды Лента. Ист-Ривер бұғазындағы аттас аралда орналасқан түрме кешені 10 мың тұтқынға есептелген.

Қалалық шенеуніктер құны 8,7 миллиард доллардан асатын жоспарды қабылдады және ол бойынша 2026 жылға қарай Райкерсті жабуды көздейді. Оның орнына төрт кіші түрме салынады.

Жоспар бойынша төрт жаңа түрме Нью-Йорктегі Бруклин, Квинс, Бронкс және Манхэттен аудандарында орналасады.

Райкерсті жабу туралы шешімнің себебі – түрмедегі көптеген бұзушылықтар мен қызметтін асыра пайдаланушылықтарды куәландыратын фактілер болған.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61