Саясат

Түркия өз дегеніне жетті

Түркия Сириядағы әскери операциясын тоқтатады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Вашингтон мен Анкара Сириядағы түрік армиясының жұмысын тоқтата тұру туралы келісімге келді. Бұл туралы АҚШ вице-президенті Майкл Пенс Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанмен өткен баспасөз мәслихаты кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters.

- Бүгін АҚШ пен Түркия Сириядағы атысты тоқтату туралы келісімге келді, - деді Пенс.

Күрд халқының өзін-өзі қорғау күштері (YPG) Сирияның солтүстігіндегі операция аймағын тастап кетуі үшін операцияның тоқтатылуы 120 сағатқа созылады.

- Күрдтер бұл аймақтан шыққан кезде, Түркия әскери операцияларын аяқтайды, - деп қосты ол.

АҚШ вице-президенті сонымен бірге Вашингтон Анкараға қарсы экономикалық санкцияларды біртіндеп тоқтатады деп мәлімдеді. Оның айтуынша, АҚШ басқа жеңілдіктер жасаған жоқ.

Пенс сонымен бірге АҚШ күрдтерден соғыс аймағын тастап кететіндеріне кепілдік алғанын айтты. Болашақта, оның айтуынша, Сирия мен Түркия шекарасында буферлік аймақ құрылатын болады. Вашингтон мен Анкара бұл аймақты «бейбіт жолмен» құруға уәде берді.


Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61