Bugin
Оның айтқаны шындық қой
Дана дұрыс айтады.
Дана Нұржігітті жерден алып, жерге салып жатырмыз. Бірақ, оның айтқаны шындық қой. Оған қарсы сөздер жалған намыс, әрі «көпке жағамын» деген пиғыл дер едім.
Ауылды бір адамдай білеміз. Мал бағу, өсіру, кредит деген мәселелерді естіп қана қойған жоқпыз, көзімізбен көрген адамбыз. Ортасында жүргенбіз.
Жоғарыдан қаржы бөлінгенде, жергілікті әкімдіктер «алыңдар да, алыңдар» дейді. Бірақ, тұрғындар бұл несиені алған соң оны қалай пайдаланған тиімді екенін білмейді. Алған соң не істерін білмей, ақшасын жұмсап қояды да, сосын кәсіп те жоқ, табыс та жоқ, алған несиесін қайтара алмай жатады.
Екіншіден, ол несиені алып, кәсіп ашқан күннің өзінде өнімін өткізудің нақты бір механизмі, инфрақұрылым жоқ. Мал өсірсе де, жеміс-жидек өсірсе де тауарды саудалау кезінде қиындықтарға жолығады.
Сондықтан, қазір халыққа кәсіп ашудың қыр-сырын және оны ашқан соң өнімін өткізудің механизмін дұрыстамай, несиені миллиардтап берсең де, жұрттың жағдайы жақсарып кетпейді.
Ауыл халқы қазір расымен де көмекке зәру. Көмектесу үшін кәсіпкерлікке нақты жағдай жасалуы тиіс.
Қамбар Ахмет facebook парақшасынан алынды