Weekend

ШҚО-да жаратылыстану пәндері ағылшынша оқытылады

Үш тілді білім беру жүйесі сынақтан өтіп жатқан аймақ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бесқарағай ауданындағы 15 мектепте IT-сынып ашылды. Осы мақсатта облыстық бюджеттен тиісті қаражат бөлінді. Бұл туралы аймақтық комуникациялар қызметінде өткен брифингте Бесқарағай ауданының әкімі Дәулет Батырбаев мәлім етті.

Биылғы оқу жылында облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан 747 балаға тегін мектеп формасы берілді. Брифингке қатысқан аудан әкімі осылай деді.

– Ауданның 16 мектебінде жаратылыстану циклі пәндерін ағылшын тілінде оқыту енгізілді. 29 мұғалім «Физика», «Химия», «Биология», «Информатика» пәндерінің мұғалімдері үшін тілдік қайта даярлау курстарынан өтті. Бүгінгі күні 7 химия мұғалімі, 8 биология мұғалімі, 9 физика мұғалімі, 5 информатика мұғалімі пәндерді ағылшын тілінде оқытады. Оның ішінде 10 оқытушы - халықаралық TKT CLІL тесттерін тапсырғандар, - деді Дәулет Батырбаев.