Bugin
Шаруа қожалық
Ағымдағы жыл басынан бері Зайсан ауданына 5 млрд 948,5 млн. теңге инвестиция тартылған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов мәлім етті.
Брифингте аудан басшысы өңірдегі өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 13 млрд 362 млн теңгені құрап, 37,2 мың тонна тас көмір, 51 тонна өңделген сүт өнімдері және 331,9 млн. текше метр табиғи газ өндірілгенін атап өтті.
– Ауданда ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 11 млр. 208 млн теңгені құрап отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 11,6%-ға көп, - деді Серік Ақтанов.
Биыл ауданда асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялауға 31,5 млн. теңгенің 81 өтінімі қабылданған. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытуға бет бұрған кәсіпкерлерге мемлекет тарапынан басқа да көмектер көрсетілуде. Ағымдағы жылы аудандағы екі шаруа қожалығы (Маметек және Ерасыл шаруа қожалықтары) «Сыбаға» бағдарламасы бойынша Ресейден 179 бас ірі қара малдарын сатып әкелді.