Weekend
Аз қамтылған отбасылар
Биыл Зайсан ауданында аз қамтылған және көп балалы отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек тағайындау мақсатында 723,6 млн. теңге қарастырылған. Оған облыстық бюджеттен 124,8 млн. теңге, республикалық бюджеттен 422,4 млн. теңге, Ұлттық қордан – 176,4 млн. теңге бөлінген.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Зайсан ауданының әкімі Серік Ақтанов мәлім етті.
Ағымдағы жыл басынан бері 946 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Бұл мақсатты 310,9 млн теңге бөлінді. Серік Ақтанов брифинг барысында осылай дедіү
– Өңір басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасына орай ағымдағы жылдың шілде айында «Парыз» облыстық қоры арқылы 11 отбасына тұрғын үй берілді, - деді аудан басшысы.
Аз қамтылған отбасыларынан шыққан, жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстың жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін үш студентке 679,8 мың теңге қаражат аударылды.