Денсаулық
Елордада көп ауырып жатыр
Қазақстанда бір жыл ішінде 11 мыңға жуық адам қызылша ауруымен ауырған.
Қазақстанда 10 896 қызылша жағдайы тіркелген. Әсіресе, қызылшамен ауырмаған балалар жиі шалдығуда, деп хабарлады еліміздің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
- Қызылша республиканың барлық дерлік аймақтарында тіркелген. Ең жоғары сырқаттану Нұр-Сұлтанда: онда 3 мыңнан астам адам ауырған, мыңнан астам адам Шымкент пен Маңғыстау облысында тіркелген, - деді Бекшин.
2018 жылғы қарашадан бері эпидемиялық маусымнан бері 19 өлім оқиғасы тіркелді, олардың 17-сі - балалар.
- Ауру белең алған аймақтарда эпидемияға қарсы шаралар жүргізілуде. Қызылшаға қарсы 18 мыңнан астам адам егілді. Қызылша ауруы бар балалардың арасында 60%-дан астамы бір жасқа дейінгі вакцинацияланбаған балалар болғандықтан, 1 сәуірден бастап 9 айлық балалар мен медицина қызметкерлеріне вакцинация жүргізілді, - деді Бас санитарлық дәрігер.
Sputnik Қазақстан