Саясат

Трамп: «Ислам мемлекеті» «толық бақылауда»

Әскери операция уақытша тоқтады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Техаста журналистерге берген сұхбатында «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған) террористік ұйымын «толық бақылауға алғандығын» мәлімдеді. Америкалық жетекшінің сөздері Ақ үй сайтында орналастырылған.

- Ислам мемлекеті толығымен бақылауда және біз оны одан әрі басып аламыз, - деді Трамп.

- Түркия - бақытты, күрдтер - бақытты, ал ИМ* - бақытсыз, - деп қосты ол.

Бұл мәлімдеме Трамптың Вашингтон мен Анкараның 9 қазанда түрік тарапының бастамасымен басталған «Бейбітшілік көзі» әскери операциясын тоқтата тұру туралы шешімі аясында жасалды. АҚШ вице-президенті Майкл Пенстің Түркия астанасына сапары барысында операцияны 120 сағатқа тоқтату туралы келісімге қол жеткізілген еді. Осы кезеңде Күрд ұлттық қорғаныс күштері (YPG) Сирияның солтүстігіндегі операция аймағын тастап кетуге мәжбүр болады. Олар бұл аймақтан шыққаннан кейін Түркия әскери операцияларын аяқтайды.

ИМ* - Қазақстанда тыйым салынған ұйым

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61