Саясат

Украинада дайындық: Ресей Украинаға басып кіруі мүмкін

Украина-Ресей мәселесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Украин қарулы күштері Ресейдің Қырым не Белоруссия арқылы Украинаға басып кіруі мүмкін деп болжам жасаған еді. Соған байланысты қазір украин әскері жаттығулар жасап, Ресейдің агрессиясына дайындалып жатыр. 

Бұл туралы Украина Бас штабы бастығының орынбасары Алексей Таран, "Тиждень" басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.

- Олардың жоспарлары бізге анық, - деді ол.

Таранның айтуынша, Ресей Украинаның жан-жағынан басып кіруді жоспарлап отыр. Оның ішінде Белоруссия мен Қырым жақтан келетін қауіп басымырақ. Әсіресе, Донбасс жақтан бірінші шабуыл басталуы ықтимал. 

Киевтің ойынша, Донбасс пен Луганск республикалары Мәскеуге бағынады.