Hi-Tech

Кремний алқабында тағылымдамадан өтуге арналған конкурс

IT-мамандарға арналған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда IT-мамандар арасында Кремний алқабында тағылымдамадан өтуге конкурс өтіп жатыр. Бұл конкурста ІТ мамандар арасынан 5 жеңімпаз іріктеліп, тағылымдама ұсынылады. 

Оларға Кремний Алқабындағы стартаптардың бірінде тағылымдамадан өтуге мүмкіндік беріледі. Осы уақытқа дейін 15 жеңімпаз америкалық стартап компанияларда тағылымдамадан өткен.

Аталмыш конкурсқа кәмелет жасқа толған, бакалавр дипломына ие және ІТ-саласында кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесі бар мамандар қатыса алады. Сондай-ақ ағылшын тілін білу деңгейі - Upper Intermediate. (IELTS – 6.0; TOEFL iBT – 80); 

Конкурс үш этаптан тұрады. Жеңімпаздар есімдері жыл соңына қарай белгілі болады. Өтініштер 20 – қазанға дейін қабылданады. Толығырақ мына жерде