Hi-Tech

YouTube-та виртуалды түрде макияжды сынап көруге болады

AR Beauty Try-On сервисін іске қосты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

YouTube макияжды виртуалды түрде сынап көруге болатын функциясын іске қосты. Видеохостинг бұған дейін AR Beauty Try-On жаңа сервисімен таныстырған еді. Ал енді әлемдегі барлық брендтерде соның бета-нұсқасын іске қосты.

Брендтер - видеохостингтің функциясын өздерінің жарнамалық баннерлерінде немесе қандай да бір жарияланымдарында қолдана алады.

Жаңа опцияда толықтырылған виртуалды шындық технологиясы қолданылады. YouTube-тағы жарнамалық баннерді басқанда, қолданушыға жаңадан арнайы бет (страница) ашылады.

Онда қолданушы помаданың түсі бет пішіні мен терісіне қаншалықты үйлесімді бола алатынын бағалай алады. Сондай-ақ тауарды бірден сол жерде сатып алу жағы қарастырылған.