Bugin

Білім саласындағы жемқорлар тізімі жарияланды: Эльмира Суханбердиева бастаған «бір топ» (Видео)

Жемқорлықтың жайы жақсы емес

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Үш жылдың ішінде білім беру саласында 450 жемқорлық фактісі болып, 178 адам сотталған.

Сыбайлес жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мұғалімдер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін арнайы бейнеролик дайындаған екен. Мұнда пара алып не мемлекет қаржысын жымқырып істі болған шенеуніктердің тізімі жарияланған.

Роликтің басында бұрынғы Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мен №3 мектеп гимназиясының бұрынғы директоры Елена Шеверняеваның ісі жайында айтылады. Олар мамандандырылған мектеп құрып, жасырын кәсіпкерлікпен айналысқан.  

Одан кейін «Кәсіпқор» холдингінің басқарма төрағасы Елдана Сәдуақасованың қылмысы баяндалған. Ол дайындық орталығына бөлінген қаржыны, яғни, 2,4 миллион долларды жымқырып кеткен.

Бұдан бөлек, Ақтөбе, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан мен Алматы облыстарында болған жемқорлық әрекеттердің толық тізімі жасалыпты. Соның барлығы видеода көрсетілген.

Sputnik Қазақстан