Саясат

АҚШ-тың Энергетика министрі Рик Перри отставкаға кетпекші

Энергетика министрлігі бұл ақпаратқа түсінік беруден бас тартты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ энергетика министрі Рик Перри отставкаға кетпекші. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.

Басылымның айтуынша, Перри АҚШ президенті Дональд Трампқа қызметінен кетуге ниеті туралы ресми хабарлама жіберген. Энергетика министрінің орнынан кетуінің нақты мерзімі жария етілмеген. Энергетика министрлігі бұл ақпаратқа түсінік беруден бас тартты.

Дереккөздердің хабарлауынша, Перри Трамптың Украина басшысы Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесуінің салдарынан туындаған АҚШ-тағы жанжал басталмай тұрып отставкаға кетуді жоспарлаған.