Bugin
Министрлік ұстаздарды тыңдауға әзір
Авторларды қолдау орталығы
mediabugin@gmail.comСоңғы күндері тарих пәнінің мұғалімі А.К.Ахетованың видео сұхбаты әлеуметтік желіде кеңінен таралып жатқаны белгілі.
Соған байланысты елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов былай деп жауап берді:
- Аталған ролик барысында көтерілген мәселелер қоғам тарапынан қызу талқылануда. Дәл қазір бұл материалдың мазмұнына қатысты ешқандай баға бермеймін, - дейді министр.
- Ең бастысы, кез келген мұғалім мен ата-ана өз пікірін ашық білдіруге құқылы екенін түсіну - маңызды, ал біздің міндетіміз - осы ұсыныстар мен ескертулерді назарға алу. Осыған орай, Мемлекет басшысы барлық ұсыныстарды жұмыс барысында пайдалану үшін оларды мұқият зерделеуге тапсырма берді. Осы бағыттағы жұмысымызды жалғастырамыз, - деп толықтырды Аймағамбетов.
Ал сөз соңында министр осы мәселелердің барлығын сенбі күні әріптестерімен бірге талқылауға әзір екендігін жеткізді.