Weekend

Селфилер сөйлейді: Профиліңде тұрған суретке қарап кім екеніңді анықта

Фотолар сіз жайында не дейді?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

1. Әртүрлі селфилер (айна алдындағы селфи, жай ғана селфи);

Профилінде дәл осындай суреттері көп адамды өзін жақсы көретін, сонымен қатар, өзімшіл адам деп айтуға толық негіз бар. Бұл селфиден профиль иесінің өзіне деген шексіз махаббаты мен бірінші кезекте өзін ойлайтын адам екенін байқауға болады.

2. Тамақтың суреті;

(Профессионалды тамақ блогерлері бұл санатқа енбейді) Қымбат мейрамхана тағамдарының суретін салу арқылы кейбір адамдар өздерінің өмірінде алға жылжу бар екендігін басқаларға көрсеткісі келеді. Егер бұл фото декреттегі немесе үй жағдайындағы әйелдің профилінде кездессе, ол өзінің сүріп жатқан өмірінің жаман емес екендігін дәлелдеуі деп қабылдауымыз қажет. Олар бұл фото арқылы ас үйде де офистегі, конференциядағы, фестивальдағы сияқты уақытты қызықты өткізуге болатынын айтқысы келеді.

3. Жұп, ерлі-зайыпты, жігіт пен қыздың суреті;

Бұл әлемге: «Мен жалғыз емеспін, мен ғашықпын» деп жар салумен бірдей. Егер профиліңізде осындай фотолар көп болса, өзіңізге «мұның маған не қажеті бар?», «бұл кадрлар арқылы менің басқаларға не айтқым келеді?» деген сұрақтарды қойып көріңіз. Мүмкін, мұның артында бұрынғы жігіттіңізге (қызыңызға) өзіңіздің бақытты екенініңізді дәлелдеу немесе сәттілікпен дос құрбыңызды махаббат жарысында жеңу тұрған болар.

4. Адамдар арасында түскен фото;

Егер сіздің профиліңізде көңіл көтеріп жүрген кезде түскен фотолар көп болса, ол сіздің іштей жалғызсырап жүргеніңізді дәлелдейді. Сіз бұл арқылы әлемге «осы команда мені таңдады, мен бұл топтың бір бөлігімін» деп айтып тұрғандайсыз.

5. Балалар;

Бұл тұрғыда екі түрлі нұсқа туралы айтуға болады. Егер сіз өзіңіздің балалық шағыңызда түскен фотоларыңызбен бөліссеңіз, бұл жерден сіздің ересек адамдардың өмірінен, жауапкершіліктен, несие және ипотекадан шаршағандығыңыз білінеді. Мұның артында балалық шаққа деген сағыныш жасырынады. Екінші нұсқа бойынша, мүмкін, сіз өз балаларыңыздың немесе балаларыңызбен түскен фотоны профильге қоятын шығарсыз. Бұл арқылы сіз «мен анамын, бұл менің өмірдегі ең үлкен жетістігім» деп айтқыңыз келеді.

6. Жануарлардың немесе жануармен түскен сурет;

Егер бұл фотографтың аккаунты болып, онда ол өзі түсірген жабайы аңның фотосын профиліне қойса, бұл кәсібилікті білдіреді. Ал егер қарапайым жігіт аватаркасына жабайы аңның фотосын қойса, ол аккаунт иесінің мықты әрі күшті болғысы келетінін көрсетеді. Қыздардың көбісі мысықпен түскен фотоларын профилдеріне қояды. Бұл арқылы қыздар өздерінің нәзік жанды екендіктерін дәлелдегісі келетіндей.

7. Табиғат;

(Бұл жолы да әңгіме кәсіби фотографтар жайында емес.) Егер сіздің аккаунтыңызда пейзаждың фотолары көп болса, бұл сіздің өміріңізге қанағаттанатыныңызды дәлелдейді. Олар «өмір сәтті болды, енді табиғатқа тамсануға болады» дегенді ұстаным ретінде қабылдайды. Сонымен қатар қарапайым өмірден шаршағанда, табиғаттың сұлулығынан рақат алуға болады дейтіндердің профилінде де табиғат фотолары жиі кездеседі.

8. Фильтр мен фотошопсыз табиғи фото;

Бұл фото адамның өзін қалай бар солай қабылдайтынын айқындайды. Осындай фото салатындар әлеуметтік желіні достарымен немесе жұмыс бабымен сөйлесу үшін ғана пайдаланады. Олар кез келген сәтті фотоға түсіріп, бөлісудің дұрыс еместігін айтады.

9. Саяхаттағы сурет;

Кейбіреулер үшін саяхатта түскен фото өздерінің мүмкіндіктерін көрсетумен бағаланатын шығар. Олар адамдарға «менің қайда демалып жатқанымды қараңыздар» деп тұрғандай. Ал кейбіреулер бұл фотоларды саяхаттағы сезімі мен оқиғаларды көрсету үшін ғана пайдаланады.

10. Яхта фонында, қымбат көлікте түскен фото;

Бұл әлемге өзіңіздің жетістігіңіз туралы айту секілді. Бұл фото иелері «Өміріме разымын!» дейтіндей.

Ал сіздің профиліңізде қандай фотолар жиі кездеседі?