Bugin

Жаза берілді: Лондонда Айсұлтан Назарбаевтың соты өтті

Түзелмесе, қылмыстық жаза беріледі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Айсұлтан Назарбаевтың Лондонда соты өтіп, есірткі шеккен күйде "тәртіп сақшысына атылып, құлағын тістеп алғаны үшін" айыпты деп тауып, қоғамдық жұмысқа жегу жазасын берді, деп хабарлайды BBC қызметі.

Аталмыш басылым жазаның сынақ мерзімі ретінде берілгенін әрі осы уақыттың ішінде Назарбаевтың немересін жөнделмесе, шартты жазаның орнына шынайы жаза қолданылатынын жазған. Сынақ мерзімі – 1,5 жыл.

- Назарбаев 140 сағат қоғамдық жұмы жасап, есірткіден емделу үшін 20 рет ем қабылдап, сондай-ақ 1000 фунт (480 мың теңге – ред.) айыппұл мен 5000 фунт (шамамен, 2,4 млн теңге – ред.) өтемақы төлеуі тиіс, - деп жазады басылым.

Басында қазақстандық билік "Назарбаевтар әулетінің абыройын түсіреді, қара дақ болады" деген жалаумен бұл істі жасыруға тырысқан көрінеді. Алайда істі жасырғысы келгендермен зардап шеккен тәртіп сақшысы байланысудан бас тартқан. Ал Назарбаевтың қорғаушысы Алисдэйр Уильямс Айсұлтанды 90 мың фунт кепілақыға босатып жіберуін өтінген. Алайда мұның барлығы сот қабылдаудан бас тартқан көрінеді.

Одан бөлек, британ билігі Айсұлтан Назарбаевтың төлқұжатын да тартып алған. Соған қарағанда, жазасын толық өтегенше бермейтінге ұқсайды.