Саясат
Ердоған ашулы ма?
Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған америкалық әріптесі Дональд Трамптан алған "бейәдеп" хатын ұмытпайтынын мәлімдеді.
Алайда, түрік басшысы атап өткендей, қазіргі таңда бұл мәселемен айналысатын уақыт емес.
- Әрине, біз Трамптың хатын ұмытқан жоқпыз. Хаттың сыпайылық деп айту қиын. Дегенмен менің Трампқа деген құрметім бар. Сондықтан бұл мәселе әзірше күн тәртібінде болмақ. Кезегі келгенде жауап қайтарамыз, - деді Ердоған Ыстамбұлда сөйлеген сөзінде.