Саясат

Түркия мен АҚШ қалай келісті?

Келіссөздер 4 сағатқа созылған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

АҚШ пен Түркия арасындағы Сириядағы операцияны тоқтатуға келіскен келіссөздері аяқталды, деп хабарлайды Reuters.

Агенттіктің мәліметінше, АҚШ вице-президенті Майк Пенс және Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған төрт сағаттан астам уақыт бойы келіссөз жүргізген. Тараптардың келісе алмай ұзақ талқылаған мәселесі - түрік әскерінің оқуын доғару мәселесі болды. Анкара билігі оқ атуды доғарғысы келмей, уақытша ғана тоқтатуға келісті. Яғни, Ердоғанның ұсынысы - оқ атуды 24 немесе 48 сағатқа ғана тоқтату болған. Бірақ келіссөз барысында Ердоған 120 сағат бойы оқ атпауға келісіп, қос тарапты да қанағаттандыра алды.  

Сонымен қатар, Пенс АҚШ президенті Дональд Трамп "түрік көшбасшысын" бағалайды және құрметтейді деп сендірді. Сондай-ақ, АҚШ вице-президентінің АҚШ делегациясының көптеген мүшелері - ардагерлер, ал өзінің ұлы да әскери болғанын мойындауы, тараптар арасындағы түсінбеушілікті шешуге көмектесті. Сонымен қатар, ол операция кезінде қаза тапқан түріктердің отбасыларына көңіл айтты.