Hi-Tech
Бәрін білуге болады
Қазақстандықтар арнайы сервистің көмегімен ұялы байланыс нөмірлерінің санын тексере алады.
Сервис сілтеме бойынша қол жетімді. Абонентке қанша нөмір тіркелгенін білу үшін азаматтың ЖСН-ін енгізу қажет. Жүйе тіркелген абоненттік нөмірлердің, сондай-ақ оларға қызмет көрсететін операторлардың санын көрсетеді.
Егер абонент өзінің ЖСН-де иесі болып табылмайтын Нөмірді тапқан жағдайда, телекоммуникация комитеті байланыс операторының кеңсесіне барып, аталған Нөмірді жабуды ұсынады.
- Азаматтар үнемі өздеріне ешқашан тіркемеген және пайдаланбаған нөмірлердің иелері болып табылатындығын білуіне байланысты бізге хабарласады. Сондықтан да біз қазақстандықтарға тіркелген нөмірлердің санын тексеруді ұсынамыз, себебі нөмір иелері оларды пайдалану үшін жеке жауапкершілік алады, - деді цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникация комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко.
Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылдың 1 қаңтарында Қазақстанда абоненттік құрылғыларды тіркеу үдерісі аяқталды. Қазіргі уақытта барлық ұялы телефондар SIM-карта иелерінің ЖСН-де тіркелген. Абоненттер өздерінің ЖСН-ін SMS арқылы жіберу арқылы 2018 жылдың ішінде тіркемеген телефондар автоматты түрде (2019 жылдың 1 қаңтарында) тіркеліп, пайдаланылатын SIM-карталарға байланған.
baigenews.kz