Экономика

Жамбыл облысында қанша адамның жалақысы өсті?

73 мың адамның

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бүгінге 42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 23440 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруді 3309 кәсіпорын қолдады.

Жамбыл облысында тоғыз айдың қорытындысы бойынша, 7513 кәсіпорын 73706 жұмыскердің жалақысын көтеруге даяр екендігін көрсетті.

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысы 63125 теңгеден төмен (25 айлық есептік көрсеткіштен төмен) жұмыскерлер үшін 1 пайыз ғана салық салынады. Бұл облыс бойынша 47309 жұмысшылары мен қызметкерлерінің жалақысын 3-4,5 пайызға дейін көбейтуге мүмкіндік бермек. Сонымен қатар, Елбасының 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауы аясында 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап төмен жалақы мөлшері 42,5 мың теңге көлемінде белгіленді.

42,5 мың теңгеден төмен жалақы алатын 1425 бюджеттік ұйымдағы 39626 қызметкердің төменгі жалақысы 1,5 есеге дейін көтеріліп, республикалық бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді.

Сонымен қатар, облыстағы 91 ірі кәсіпорын 43300 жұмыскердің еңбек ақысын көтеруге келісім берді. 

Оның 27-і - жеке сектордағы (13532 жұмыскер), 64-і – мемлекеттік кәсіпорындар (29768 жұмыскер).

Бастамашылық танытуға қатысты - 42,5 мың теңгеден жоғары жалақы алатын 6966 жұмыскердің еңбекақысын көтеру туралы бастаманы 4113 орта және шағын кәсіпорын қолдап отыр. Бұл кәсіпорындардағы төмен жалақы алатын жұмыскерлердің орташа еңбекақысы 39757 теңгеден 50200 теңгеге артып, өсім 26,1 пайызды құрап отыр. 

Мәліметтер ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министірлігінің "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының "Бес әлеуметтік бастама бойынша "Азаматтық бақылау" қоғамдық мониторингі" аясында "Жамбыл облысы жастар ұйымдарының Қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі әзірледі. Екінші бастамада "Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту" мәселесі айтылған.