Саясат

Ердоған: АҚШ сөзінде тұрмаса, операцияны жалғастырамыз

Трамп сөзінде тұратын болар

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Егер Құрама Штаттар Анкараға берген уәдесін орындамаса, "Бейбітшілік көзі" операциясы жаңа күшпен қайта жанданады. Бұл туралы бүгін Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Ыстамбұлдағы Долмабахче сарайында шетелдік БАҚ қызметкерлерімен кездесу барысында мәлімдеді, деп хабарлайды Anadolu агенттігі.

Ердоған Түркия қарулы күштерінің және "Сирия ұлттық армиясының" (Сирия қарулы оппозициясы деп аталатын топтардың Анкара қолдайтын бөлімдері) бөліктері Сирия аумағына енген кезде, Еуропа елдері мен АҚШ-тың аса мән бермегенін, алайда кейін өзгеріп шыға келгенін алға тартты.  

- "Бейбітшілік көзі" операциясының алғашқы күндері Сирияның солтүстік-шығысындағы оқиғаларға басында болмашы қарады. Ешкім түріктердің жеңетініне сенген жоқ. Алайда кейін түрік әскерлері күрдттерді тықсыра бастаған кезде, шулап кетті, - деді Ердоған.

Оның айтуынша, "Бейбітшілік көзі" операциясы аяқастынан басталған нәрсе емес. Оған дайындалуға 3-5 жыл уақыт кеткен. Сондықтан оны тоқтатқысы келмейді.