Саясат
Құпияларын ешкім білмесін деген шығар
Америка әскері Сириядан шығып бара жатып, авиабазасын талқандап кетті. Бұл туралы SANA агенттігі хабарлайды.
Бомбалауға ұшыраған Аль-Кулайб базасына АҚШ ұшақтар мен тікұшақтарды, әскери көліктерді қою үшін салған болатын.
Бұған дейін америка әскері Тель-Тамр мен Эль-Қамышлы тас жолы бойындағы әскери нысандарын миналап, Хасеке аймағындағы Джабаль Абдул Азиз базасындағы радарды жарып жіберген еді. Содан кейін ғана Иракқа қарай жылжыды.