Саясат

Сирия: Түрік әскері қоршауға алынды

Сирия - біртұтас мемлекет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Сирия парламентінің депутаты Джансет Казан елдің солтүстік-шығысындағы Түрік әскерлерінің қоршауға алынғанын және жақын арада республика аумағынан кететінін мәлімдеді.

Оның айтуынша, Сирия әскері Түркияның қарулы күштерін, шекарадағы Рас эль-Айн қаласында қоршауға алған. Казан бүкіл ел таяу уақытта Сирия күштерінің бақылауына өтеді деп сенеді. 

- Біз тоғыз жыл соғыстық. Алайда Түркияның да, басқа елдің де бодандығында қалғымыз келмейді, - деді депутат. 

Оның айтуынша, қазір Сирия билігі республика аумағының 90 пайызын бақылайды.