Weekend

Ресейде жүрген Қазақстан азаматы Путинмен тілдескісі келген...

Оған айыппұл салынды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресейде жүрген Қазақстан азаматына 24 метрлік мұнараға шығып алып, Путинмен сөйлестіріңдер дегені үшін үлкен айыппұл салынды.

29 жастағы қазақстандық Ресейдің Иркут облысындағы Усть Құт қаласына мұнай компаниясына жұмысқа орналасу үшін барғанға ұқсайды. Алайда компания оны жұмысқа алудан бас тартқан. Бұған күйінген жігіт ішімдікке тойып алса керек, пойызбен үйіне қайтпақ болғанда, жолсеріктер оны вагонға отырғызбай қойған.

Айғай-шу осы кезден басталған. Темір жол қызметкеріне "қапаланған" жігіт вокзал стансасына жарық беретін мұнараға шығып алып, Путинмен, тым болмаса, Жириновскиймен тікелей эфирге шығарып, бетпе-бет сөйлесуін талап еткен. Бұл оқиға 9 сағатқа созылған. Тіпті, өз-өзіне қол салуға да тырысқан көрінеді.

Көлік полициясы жігіттің туған-туыстарымен байланыса алмады. Бірақ есін біраз жиған жігітпен әңгімелесу кезінде әйелінің екіқабат екені әрі жұмысқа орналасуға мұқтаж болып жүргені, сол үшін Ресейге келгені белгілі болған.

Құқық қорғау органдары оған үлкен айыппұл салды. Енді Ресейге келуіне тыйым салынуы да мүмкін.

ust-kut24.ru