Саясат

НАТО Түркияның Сириядағы операциясына байланысты дағдарыс штабын құрды

Түркияны НАТО-дан шығару керек

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

НАТО Сирияның солтүстігінде түрік әскери операциясының айналасындағы жағдай және оның салдары туралы дағдарыс штабын құрды. Бұл туралы Welt am Sonntag газеті 20 қазанда Солтүстік Атлантикалық альянстағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлайды.

Штаб құрамына барлау және қауіпсіздік жөніндегі сарапшылар, әскери операциялар бойынша сарапшылар және саяси кеңесшілер кіреді.

Ал «Ұлттық қауымдастық» партиясының жетекшісі Марин Ле Пен Түркияны НАТО-дан шығаруды ұсынып отыр. Саясаткер Еуропалық Одақты «ештеңе жасамайды және ештеңе ұсынбайды» деп сынға алды. 

Оның пікірінше, Түркияның агрессиясына жауап ретінде бұл елді НАТО-дан шығару керек, өйткені Анкара одақта болудың «өлшемдерін бұзды».