Bugin

ВОУД жойыла ма? Білім министрінің жауабы

Сырттай бақылай жүйесі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

ҚР Парламенті Мәжілісінің үкімет сағатында баяндама жасаған Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке "оқу жетістіктерін сырттай бағалау жүйесі алынып тастала ма?" деген сұрақ қойылды.

Сұрақ қойған мәжіліс депутаты Айзада Құрманова мектепте оқитын 4-сынып, 9-сынып және 11-сынып оқушыларының сырттай бағалау емтихандары кезінде алған ұпайларының аз екендігін тілге тиек етіп, мұның себебін Білім министрінен сұрады.

- 4-сынып оқушыларының нормасы – 25 балл болғанымен, қазіргі көрсеткіші 19,8 ғана. Ал 9-сынып оқушыларының нормасы – 60 балл болғанымен, көрсеткіш – 40 балл. Ал 11-сынып оқушылары, керісінше, жоғары балл жинап отыр. Яғни, 50 балдың орнына 57,3 балдық көрсеткішті көрсетуде. Оқушылардың алғашқы сыныптарда аз балл жинап, кейін жоғары балға ие болуының себебі неде? – деп сұрады депутат.

Бұған жауап беру барысында министрі мәселенің бәрі әдістемеде, яғни, білім беру жүйесінің реформалануында деп жауап берді. Әрі білім беру жүйесінің қазір функционалды оқытуға бет бұрғанын алға тартып, алдағы уақытта сырттай бақылау жүйесінің де өзгеретінін айта кетті.

- Сырттай бақылау жүйесі жоғары оқу орындарында да бар. Оны біз ВОУД деп атаймыз. Жыл сайын жоғары оқу орындарының 10 пайызы осы ВОУД-пен тексеріледі. Қазір әдістеме өзгеріп, функционалды білім беруге көшіп жатқандықтан, алдағы уақытта сырттай бақылау жүйесі де өзгеретін болады. Яғни, тест сұрақтарының мазмұны түбегейлі өзгертіледі. Ал сырттай бақылау жүйесі сол күйі қалады. Өйткені білім жүйесін біз бақылау ұстауымыз қажет, - деп жауап берді Асхат Аймағамбетов.