Саясат
Бас прокурор, Ұлттық банк төрағасы, ҰҚК басшысы, министр, облыс әкімі – бәрін Елбасы тағайындайды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 қазанда "ҚР Президентінің кейбір актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу" туралы жарлыққа қол қойды.
Яғни, қаулы бойынша мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР-ның тұңғыш президенті, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ақылдасып барып қана ірі тағайындауларды жасай алады.
Елбасы тағайындайтын мемлекеттік қызметкерлердің тізімі көбейді. Енді басты-басты қызметтерді Нұрсұлтан Назарбаев тағайындайтын болды.
Атап айтқанда, Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, министрлер (Сыртқы істер министрінен басқа), Қорғаныс министрі мен Ішкі істер министрі енді Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Назарбаевтың кеңесімен ғана тағайындалатын болады.
Одан бөлек, облыс әкімдері мен ірі қалалар әкімдері, Президентке қарайтын басқа да мемлекеттік органдардың басшылары да дәл осы "схемамен" тағайындалады.