Bugin

55 зауыттың бірі: Қызылордада қазақ-қытай цемент зауыты ашылды

Қазақстанға керегі - цемент

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қызылорданың Шиелі ауданында осыдан үш жыл бұрын құрылысы басталған жаңа қазақ-қытай цемент зауыты ресми түрде ашылды. Бұл жайлы Қытайдың Хinhuanet басылымы хабарлады.

Қазақстандық «DANAKE корпорациясы» мен Қытайдың «Gezhouba Group Cement Co. Ltd» цемент компаниясы бірлесіп пайдалануға берген бұл зауыт – Қазақстан мен Қытай арасында келісілген 55 жобаның бірі. Зауыт күніне 2500 тонна, жылына 1 млн тонна цемент өндіре алады.

- Қазақстан билігі зауытты салу мен пайдалануға бар жағынан көмектесті, - дейді қытай компаниясының басшысы Ли Минг.

Жаңа зауыт цементтің 9 түрін өндіреді. Қазақстанға ең пайдалысы – құрылысқа қажетті қара цемент. Қызылорда облысында алғаш ашылып отырған осы зауыттың арқасында Қазақстан цемент заттарын шетелден экспорттауды доғарады әрі 260 адамды жұмыспен қамтымақ.

- Зауытта техник болып жұмыс істеймін. Елордадағы Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университетін бітіргенмін. Жұмысқа орналасардың алдында Қытайда 5 жыл тағылымдамаға барып қайттым. Енді міне... Заманауи зауыт менің туған жерімде, Шиеліде ашылып отыр, - дейді 25 жастағы жұмыскер Руслан Өтібаев.

Зауыт 2017 жылдан бастап салына бастаған. Құйылған инвестицияның құны – 178 млн доллар.