Саясат

АҚШ әскери кемелеріне алғаш рет жауынгерлік лазер орнатпақ

Жаңа құрылғының көмегімен шағын кемелер мен ұшқышсыз аппараттарды жайратып түсіруге болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

USS Portland АҚШ Әскери-теңіз күштерінің кемесіне сәулелік қуаты 150 кВт жететін әлемдегі алғашқы әскери лазерді орнатуды жоспарлап отыр. Бұл туралы The Drive хабарлайды.

Жауынгерлік лазер Сан-Диегоға жеткізілді және жақында кемеге орнатылмақшы.

Northrop Grumman корпорациясы 2015 жылы жауынгерлік лазер өндіруге арналған келісімшартты ұтып алғаны атап өтілді. Осыдан кейін, USS Portland 2018 жылы пайдалануға берілгенде, алғашқы кемеде лазер үлгісі орнатылатыны белгілі болды.