Саясат

Лукашенконың Қазақстанға қашан келетіні белгілі болды

Лукашенко Тоқаевпен қандай мәселені талқылайды?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Беларусь президенті Александр Лукашенко 24-25 қазанда Қазақстанға ресми сапармен келеді. 

Лукашенко Нұр-Сұлтан қаласында қазақстандық әріптесі Қасым-Жомарт Тоқаевпен келіссөздер өткізеді.

Екі елдің басшылары шағын және кеңейтілген құрамдағы кездесуде мемлекетаралық қарым-қатынасты дамыту мәселесін талқылайды. Олар сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге басымдық бермек.

Президенттер өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, экономиканың түрлі саласында, оның ішінде ауыл шаруашылығы, көлік және логистика, мұнай-химия кешені, жоғары технологиялар саласында ынтымақтастықты кеңейту келешегін қарастырады.

Бұған қоса, тараптар интеграциялық бірлестіктер аясында және халықаралық алаңдарда ынтымақтастықты, өңірлік және әлемдік күн тәртібін талқыламақ. Келіссөздер нәтижесінде бірқатар екіжақты келісімге қол қойылады.

Бұл күндері Нұр-Сұлтанда Қазақстан-Беларусь бизнес-форумы өтеді. Қазақстан астанасында Беларусь дипмиссиясы жаңа ғимараттар кешенінің ашылуы да жоспарланып отыр.

sputniknews.kz