Hi-Tech

Жасанды интеллект: Машина кубик рубикті адамнан да жылдам құрастырды

Кубик рубик құрастыруда жаңа алгоритм қолданылды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Жасанды интеллект – әлі күнге дейін толығымен зерттеле қоймаған тақырып. Технологияға аса қызығушылық танытатын адамдар үшін бұл тақырыптың қызықты болары белгілі. 

Жасанды интеллект бүгінгі күнде біршама сфераларда қолданылатын болды. Ол соның ішінде ойындарда, логикалық тапсырмаларда, машиналарда жиі пайдаланылады. Ғалымдар мұны әлі күнге дейін зерттеуде және жасанды интеллект әртүрлі тапсырмаларды бұрынғысынан да артық орындау арқылы осы сфераға жаңалықтар әкелуде. 

Зерттеу жұмыстары әлі күнге дейін жалғасуда, ғалымдар жаңалық енгізуден шаршайтын емес. Жасанды интеллекттің келесі бір пункті кубик рубикке байланысты болса керек. Ғалымдар ойыншықты жылдам құрастыратын машина ойлап тапты. Оған жаңа алгоритм орналастырды. Машинаның ерекшелігі - ол ойыншықты адамға қарағанда тез құрастырады. 

DeepCubeA – жасанды интеллекттің алгоритмі. Оны Калифорния университетінің ғалымы ойлап тапты. ВВС-дің айтуынша жасанды интеллект кубик рубикті бірнеше секундтың ішінде құрастырады. Бұл адамдар арасындағы рекордтан үш есе жылдам көрсеткішті білдіреді.