Weekend
Аттила мен Аэций
Қазан айының 17-сі күні М. Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық драма театрында жаңа 94-ші маусымның ашылуы салтанатты түрде өтті. Осы жылы театр маусымын жаңа қойылыммен ашуды жөн көріпті.
Григорий В.Томскийдің «Аттила мен Аэций» пьесасын сахналау Алма Кәкішеваға (ҚР еңбек сіңірген қайраткері) бұйырыпты. Қоюшы суретшісі Қабыл Халықов, костюм үлгісін жасаған Б.Әбдіманапова, композиторлары А.Райымқұлова және С.Шәменов, биін қойған Ш.Сапарғалиқызы, (ҚР еңбек сіңірген қайраткері), визуалды көріністерін жасаған - М.Күзенбаев , режиссер ассистенті А. Қабдешова және режиссер көмекшісі Г.Сейтімбет, қойылымдағы жыр-монологтар авторлары - Т.Медетбек (ҚР Мемлекеттік сыйлығы лауреаты), Ә.Бөпежанова (ҚР еңбек сіңірген қайраткері).
Қойылымның сипаттамасы:
Аттила – Еділ қаған–батыс ғұндар мен еуропалық көптеген тайпалардың басын біріктіріп, үлкен қағанат құрған (б.з. 434-453 жж.), әлемдік тарихта ерекше орны бар тұлға. Бұл тақырыпқа осымен екінші рет оралып, бұл жолы жаңа туынды – белгілі аттилатанушы, француз жазушысы Б. Тюргэннің тарихи драмасын сахналап отырған театр интерпретациясында Аттила басқыншы емес, керісінше, Еуропада құл иеленушілік құрылыстың шайқалуына әсер еткен, ондағы халықтарға азаттық әперген ұлы қолбасшы, Ғұн-Рим империясын құруды армандаған көрнекті мемлекет қайраткері, діни сенімдерді қадірлейтін дипломат.
Мұның түп тамырында оның ата-баба өсиетіне адалдығы, өмірлік және билік қағидаларына беріктігі жатыр. Бүгінгі күнмен үндесетін, таңбалық мағыналары мол қойылымда Аттиланың сүйікті жары Кере-коға махаббаты, римдік атақты генерал Аэциймен достығы да көркем көрініс тапқан. (www.auezov-theatre.kz сайтынан алынды).
Келесі көрсетілім 27-ші қазан күні! Театрда кездесейік!