Bugin

Министр: Тазабековтің мектепте уағыз айтуына жол жоқ

Құқығы жоқ

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Елдің білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектепте кез келген көлденең аттының дәріс оқып, уағыз жүргізуіне жол жоқ дейді. Мұны ол "Мұхамеджан Тазабеков Қазақстан мектептерінде дәріс жүргізіп, уағыз айтуына рұқсат па?"деген тілшілердің сауалына жауап беру кезінде мәлім етті.

- Мектепте іс-шараны өткізетін мұғалім ғана. Сондықтан Мұхамеджан Тазабеков мектепте іс-шара өткізеді деген дұрыс емес. Ондай шара болған да емес. Егер ондай іс-шара мектепте өткен болса, мен жауап берер едім. Бірақ өткен жоқ. Сондықтан оны талқылаудың да қажеті шамалы, - дейді Аймағамбетов бұл жайлы.

Ал "қандай тұлғалар мен адамдар мектепте дәріс беріп, тәрбие сабағына қатыса алады?" деген сауалға:

- Оған (Тазабековке – ред.) рұқсат жоқ. Егер діни уағызды кім айтады дегенді білгіңіз келсе, айтайын, ешкім де мектепке келіп, діни әңгіме айта алмайды. Бұған жол жоқ. Бұған дейін де ондай нәрсе болған емес және болып та жатқан жоқ, - деді Аймағамбетов.

Tengrinews.kz